Ж.Бекшин коронавирус өршіген елдерге сапарламауға кеңес берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ж.Бекшин коронавирус өршіген елдерге сапарламауға кеңес берді

24.02.2020

Жапониядағы кемеде болған төрт қазақстандық елге оралды. Сондай-ақ, сол мемлекетте жүрген басқа да жерлестеріміз ұшып келді. 4 шетелдік экипаж мүшесі бар. Барлығы 20 адам. Қазір олар Нұр-Сұлтандағы №3- көпбейінді ауруханаға орналастырылды. 14 күн бойы карантинде болады. Жолаушылардың жағдайы бірқалыпты. Десе де, еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин сақтық шараларын мейлінше күшейту керектігін айтып, бірнеше кеңесімен бөлісті.

Соңғы мәлімет бойынша короноавирус әлемнің 30 еліне тарап үлгерді. Енді мамандар сол елде жүрген қазақстандықтарға мейлінше абай болуын сұрайды. Ал егер сол мемлекеттерге бару жоспарлары болса, одан реті келсе бас тартуға кеңес береді.   

Сәуле АЛДАМҰРАТ


Хабарламаларға жазылу