Тіс емхананың қызметкерлері жаңа жылдан бері жалақысыз отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тіс емхананың қызметкерлері жаңа жылдан бері жалақысыз отыр

21.02.2020

Өскеменде балаларға арналған жалғыз тіс емханасының қызметкерлері жаңа жылдан бері жалақысыз отыр. Облыстағы 18 жасқа дейінгі балаларға ақысыз қызмет көрсететін мекемеде 70-ке жуық адам жұмыс істейді. Оларға берешек қаржы 10 миллион теңгеге жуықтаған.

Ал бас дәрігер, жалақының әлі күңге дейін төленбей жатқан себебін еліміздегі стамотология саласының жаңа жүйеге ауысқанымен түсіндірді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, аймақта жалақы бойынша проблема тек осы емханада ғана. Сондықтан мәселеге тікелей сол медициналық мекеменің бас дәрігері кінәлі деп отыр.

Жалақы мәселесі күні кеше талқыланып, мамандарға жағдай түсіндірілді. Жергілікті атқмінерлердің айтуынша, алдағы күндері еңбекақы төленбек.

Берік КӨШЕРБАЙ


Хабарламаларға жазылу