Тісті дұрыс күте білсе, 100 жылға дейін сақтауға болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тісті дұрыс күте білсе, 100 жылға дейін сақтауға болады

09.01.2014
Тісті дұрыс күте білсе, 100 жылға дейін сақтауға болады
Маржандай тізілген 32 тістің сау болуы үшін сәби кезінен бастап күту керек. Алдымен, ата-анасы сүт тістерінің дұрыс шығуына назар аударғаны жөн. Себебі, кейбір ата-аналар: «Сүт тіс түсіп қалады. Орнына қайтадан жаңа тіс шығады», деп тісжегіге мән бермейді.
 
Сәбидің тісі 5-6 айлығында шыға бастайды. Сол кезде құрамында кальцийі бар тағамдар беру керек. Ал 5 жас пен 12 жас аралығында сүт тіс түсіп, негізгі тіс шығады.
 
Кейінгі жылдары бала тісінің бүлінуі жиілеп кетті. Бұған экология, су құрамы, шамадан тыс тәтті жеу себеп болып отыр. Оның алдын алу үшін тісті күніне екі рет тазалау керек.
 
Тісті жиі емдеткен дұрыс. Себебі, тіс ауруының асқынуы асқазан, жүрек, бүйрек сияқты өзге ағза мүшелеріне де залалын келтіреді.
 
Егер тісті дұрыс күте білсе, 100 жылға дейін сақтауға болады екен. Сондықтан, тіс күтіміне көңіл бөліңіз.

Хабарламаларға жазылу