Қостанайдағы «Шаңырақ» жастар театры Мұхтар Әуезовтің «Абай» спектаклін сахналады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайдағы «Шаңырақ» жастар театры Мұхтар Әуезовтің «Абай» спектаклін сахналады

21.02.2020

Бұл өнер ұжымы осыдан 20 жыл бұрын Ахмет Байтұрсын атындағы Қостанай Мемлекеттік Университетінің жанынан құрылған. Сондықтан рөлдерді сомдайтын кәсіби актерлер емес, әртүрлі мамандық бойынша білім алып жүрген жастар. Театр үйірмесіне барлығы 35 студент қатысады. Ал бүгінгі қойылымда соның 20-сы өнер көрсетті. Абай бейнесін сахналауға жас әртістер 4 ай дайындалған. Университет қабырғасындағы бүгінгі премьераны қалың көрермен жылы қабылдады. 

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу