Рахман Омар: Ел алдында қалыптасқан бейнемді бұзғым келмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рахман Омар: Ел алдында қалыптасқан бейнемді бұзғым келмейді

23.12.2015
Рахман Омар: Ел алдында қалыптасқан бейнемді бұзғым келмейді

Мұхтар Әуезовтің «Жас Абай», «Желсіз түнде жарық ай» драмаларындағы Абай, Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» трагедиясында Жантық, Шыңғыс Айтматовтың «Жан азабында» Мәңгүрт рөлдерін сомдады.

22 жылда 50-ге жуық бейне сомдаған актер алғашқы кезде көпшілікке тек жағымды кейіпкерлер арқылы танылған. Жантық рөлі оны ерекше қырынан көрсеткен образ болды.

«Рахман - қай рөлге салсаң да, еркін, жеңіл игеріп әкететін актерлердің бірі. Актерлық импровизациясы басым. Бұл - театр саласында шеберліктің шыңы саналады», дейді режиссер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мұрат Ахманов.

Кино саласында жұртшылық таяуда Рахман Омарды Досхан Жолжақсыновтың «Құнанбай» фильмі арқылы көрді. Ал, телехикаяларға шақырған ұсыныстардың бәрін қабылдай бермейді. «Көп жағдайда оқиғасы көңілден шықпайды. Әр образды бір сомдап, ел алдында қалыптасқан бейнемді бұзғым келмейді», дейді актер.

Ғ.Мүсірепов атындағы академиялық балалар мен жасөспірімдер театры жуырда Әлімбек Оразбековтің «Бір түп алма ағашы» спектаклін сахналамақ. Қойылымдағы Зарқынбек атты кейіпкер Рахман Омардың үлесінде.

Спектакльге дайындық барысы туралы «Таңшолпаннан» көріңіз.

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу