Байқауға қатысу туралы өтініштер 2020 жылдың 14 наурызына дейін qazsport.konkurs@gmail.com электронды поштасы арқылы қабылданады.
Жобаларға қойылатын негізгі талаптар:
- «БАҚ туралы заң» мен Қазақстан Республикасының басқа да тиісті заңнамаларының талаптарына сәйкес болуы;
- Пилоттық нұсқасының болуы;
- Байқауға қатысушы компанияның телевизиялық контент дайындауда тәжірибесінің болуы міндетті. Бұрын түсірілген бағдарламалар қоса ұсынылуы тиіс;
- Түсірілім тобы құрамындағы режиссер, редактор, жүргізуші және т.б. қызметкерлердің портфолиосы жіберілуі тиіс;
- Жоба қаржылық шығынымен бірге ұсынылады;
- Жоба қазақ және орыс тілінде болуы шарт;
Әр жоба төмендегі тақырыптарға сай болуы тиіс:
1. Аймақтардағы спорттың дамуы туралы (2020 жылы өтетін Олимпиада ойындарын ескеру керек). Бағдарламаның ұзақтығы - 20 минут;
2. Еліміздегі паралимпиадалық спорттың дамуы мен мүмкіндігі шектеулі спортшылар туралы (2020 жылы өтетін Паралимпиада ойындарын ескеру керек). Бағдарламаның ұзақтығы - 15 минут;
3. Қазақстан спорт саңлақтарының жас ұрпақты спортқа баулуы туралы (2020 жылы өтетін Олимпиада ойындарын ескеру керек). Бағдарламаның ұзақтығы - 15 минут.
Ескерту: жоба байқаудың алғашқы іріктеу кезеңінен өткен жағдайда, «QAZSPORT» телеарнасы үміткерлерден қосымша құжаттарды талап етуге және бағдарламалардың концепциясы мен қаржылық құжаттарына өзгеріс енгізуге құқылы.