Павлодарда дарынды жастар марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда дарынды жастар марапатталды

26.11.2014
Павлодарда дарынды жастар марапатталды

Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев Инновациялық Еуразиялық университетінде өткен «Менің жетістігім – елімнің жетістігі» атты облыстық құрылтайда өңірдің дарынды жастарымен кездесті, деп жазады pavlodarnews.kz тілшісі.

Шарада Қанат Бозымбаев республикалық, әлемдік додаларда ел намысын қорғап, ерекше ықыласқа бөленген өңірдің 70 жас азаматын бағалы сыйлықтармен және грамоталармен марапаттады. Олардың ішінде ашық жүрекке 50-ден астам ота жасаған ең жас кардиохирург Дәулет Жақыпбаев, Кореяда өткен Азия Пара ойындарының алтын жүлдегері Ли Дмитрий, «TEKRI» ЖШС-ның негізін қалаушы Илья Мухортов, «Алтын домбыра» республикалық байқауының жүлдегері Ерасыл Әділбеков, Ансар мен Санжар, Әдина мен Әмина есімді егіздерді тәрбиелеп отырған ең жас ана Дина Қабиева және тағы басқалар бар.

Сонымен қатар студенттік ортада ұлтаралық келісім мен достықты нығайту мақсатында облыстың жоғары және арнайы орта оқу орындарында білім алу үшін бірқатар жастарға сертификаттар табыс етілді.

 

Хабарламаларға жазылу