Иранда АҚШ пен Израиль тулары өртеу үшін жасалып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иранда АҚШ пен Израиль тулары өртеу үшін жасалып жатыр

30.01.2020

Иранда АҚШ пен Израиль тулары өртеу үшін жасалып жатыр. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, Вашингтон мен Тегеран арасындағы шиеленіс ушыққан қазіргі шақта бұл бизнес өркендеп тұр. 

Ел астанасы маңындағы Хомеин қаласында орналасқан фабрикада айына Америка мен еврей мемлекетінің 2 мыңдай жалауы басылып шығады. Ал жылына осындай миллиондаған шаршы метр ту шығарылады. 

Оларды халық Құрама Штаттар мен Израильге қарсы шерулер кезінде таптап, жағып жібереді. Бірақ әрдайым бұлай бола бермейді. Былтыр қараша айында Ислам Республикасында билікке қарсы демонстрациялар кезінде жастар «Біздің жауымыз Америкада емес, осы жерде» деп ұрандатып, АҚШ туын аяқ асты етуден бас тартқан еді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу