АҚШ пен НАТО Ресейге қатаң ескерту жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ пен НАТО Ресейге қатаң ескерту жасады

02.12.2021

Егер Ресей Украинаға басып кіретін болса, экономикалық жазалаудың үлкен соққысына ұшырайды. Мұны НАТО елдері сыртқы істер министрлерінің Латвия астанасы Ригада өткен кездесуінде АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен ескертті.

Оның сөзінше, Ресейдің Украинаға қатысты агрессивтік жоспарына дәлелдер Құрама Штаттарды алаңдатып отыр. «Ал Украина Ресейге қауіп төндіріп тұр деген идея - нашар әзіл», - дейді Блинкен.

НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг те Кремльді Украинаға күш қолданбауға үндеп, кез келген басқыншылық үшін Ресейдің үлкен құн төлейтінін мәлімдеді.

Украина шекарасы маңында әскери жаттығу басталды

Айта кетсек, Ресей соңғы апталарда Украина маңына ондаған мың жауынгер шоғырландырып, сәрсенбі күні үлкен жаттығуға кірісті. Сонымен қатар Кремль НАТО-мен шығысқа қарай кеңеймеу туралы келіссөздер жүргізгісі келетінін және Америка ракеталарының Украинаға шоғырлануын қаламайтынын мәлімдеп отыр.


Хабарламаларға жазылу