Н.Нығматулин Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдерімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Н.Нығматулин Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдерімен кездесті

13.02.2020

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге бастаған делегациямен кездесті. Тараптар алғашқы медициналық-санитарлық көмек саласындағы өзара іс-қимыл, озық технологияларды енгізу, медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мәселелерін қозғады. Нұрлан Нығматулин қазіргі уақытта Мәжілісте қаралып жатқан Денсаулық кодексі туралы заң жобасымен жан-жақты жұмыс істеу үшін депутаттар оның нормаларын түрлі диалог алаңдарында кеңінен талқылап жатқандығын атап өтті. Жұмыс тобының құрамында депутаттармен қатар үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ғалымдар, дәрігерлер және медициналық білім саласындағы мамандар бар.  

Сонымен қатар Премьер-Министр Асқар Мамин де Ханс Клюгемен кездесті. Кездесу барысында Денсаулық сақтау министрлігі мен Еуропалық өңірлік бюро арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған келісімге отыру мәселесі талқыланды. Өз кезегінде Асқар Мамин Қазақстанға төтенше жағдайлар бойынша Өңірлік орталық мәртебесін беру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ



Хабарламаларға жазылу