7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні

07.04.2015
7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні

«Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде». Себебі, «бірінші байлық – ден­сау­лық». Ден­сау­лық – тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы.

7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні.   Бұл  атаулы күн Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрылған күнінде аталып өтіледі. 1948 жылы құрылғаннан  бері әлемнің екі жүзге жуық мемлекеті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше болып  отыр.

Денсаулық күнін жыл сайын өткізу 1950 жылдан бастап дәстүрге айналды. Бұл күн адамдардың өз өмірлерінде денсаулықтың мәні қаншалықты зор екенін түсініп, бүкіл әлемде адамдар денсаулығын жақсарта түсу мақсатында тиісті шешім қабылдаулары үшін өткізіледі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әр жылды медицинадағы аса көкейкесті мәселелердің біріне арнап отырады.

Жыл сайын Дүниежүзілік денсаулық күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандарының пікірінше, барлық әлемдегі медицина қоғамының алдына қойылған маңызды проблеманы айқындайтын белгілі тақырыпта өткізіледі.

Сондай-ақ, әр жыл сайын Дүниежүзілік денсаулық күнінің жыл сайынғы тақырыбы, ұраны таңдалынады. 

Хабарламаларға жазылу