Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директорымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директорымен кездесті

29.11.2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директорымен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Швейцария Конфедерациясына ресми сапары ДДСҰ Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесуден басталды.

Кездесу барысында Қазақстан мен ДДСҰ арасындағы ықпалдастықтың өзекті мәселелері мен перспективалары талқыланды. Мемлекет басшысы Бас директорға еліміздің пандемияға қарсы іс-қимылдар жөнінде қабылдап жатқан шаралары, оның ішінде қазақстандық ғалымдардың коронавирусқа қарсы әзірлеген препараттары мен халыққа жаппай вакцина салу жұмыстарының жүргізілу барысы туралы мәлімет берді.

Сондай-ақ, екінші жаңа QazCoVac-P вакцинасы туралы айтты. Аталған препарат клиникалық зерттеулер фазасына кандидат вакциналар тізіміне енгізілді. Президент қазақстандық вакцинаға қолдау көрсеткені үшін ДДСҰ басшысына алғыс айтты.

Мемлекет басшысы ДДСҰ-ның вакцинаға тең құқықты және әділ қолжетімділікті қамтамасыз етуге ұмтылысын толық қолдайтынын атап өтіп, қазақстандық вакцинаны мұқтаж елдердің бәріне ұсынуға дайын екенін айтты.


Қасым-Жомарт Тоқаев ДДСҰ Тедрос Адханом Гебрейесус вакцина

Хабарламаларға жазылу