Қарағандылық травматолог дәрігерлерге Франциядан келген ортопед мамандар шеберлік сабағын өткізді. Шетелдік әріптестер жамбас және иық буындарын эндопротездеу тәжірибесімен бөлісті. Бұл - зақымданған буынды жасандысына айырбастайтын өте күрделі операция. Эндопротездеудің жаңа технологиясы арқасында науқастар хирургиялық операцияға қайта жүгінбейтін болды.
Қарағандыда мұндай емнің қолға алынғанына жарты жыл ғана. Осы уақыт аралығында ортопедтер 25 адамды аяғына тұрғызды. Бұрын-соңды мұндай операцияны көбіне ауыр жұмыста істейтіндер жарақат алған жағдайда жасататын. Ал бүгінде жасы келген қариялар да еркін қимыл-қозғалыс үшін эндопротез салдыра бастады. Айта кету керек, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша бұл қымбат операция тегін жасалады.
Руслан Нұрланұлы