Сирияның Идлиб провинциясынан халық жаппай қашып жатыр
Сирияның Идлиб провинциясына жасалған әуе шабуылдарынан қарапайым тұрғындар мен бейкүнә сәбилер зардап шегіп жатыр. Жергілікті құтқарушылар үйінді астынан 3 кішкентай қызды алып шықты. Жүздері шаң мен қаннан көрінбеген бүлдіршіндер аймақтағы жағдайдың тым ауыр екенін аңғартады. Соңғы күндері авиациялық соққылар күшейгендіктен, мыңдаған адам үйлерін тастап, қашып жатыр. Олардың көбі қайда бара жатқандарынан бейхабар.
Ресейдің қолдауымен Сирия армиясы содырлар қарамағындағы қалалардың бәрін қайтаруды көздеп отыр. Дегенмен Дамаск пен Мәскеу бұл шабуылдарды тоқтатпаса, Түркия оларға қарудың күшімен тойтарыс беретінін ескертті.
Жансая Қапасқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
22.08.2026, 11:30
S&P Global Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB» деңгейіне жоғарылатты
22.08.2026, 10:52
Қазақстанның су шаруашылығына екі жылда рекордтық 677 млрд теңге инвестиция тартылды
22.08.2026, 10:30
308 жасанды интеллект агенті әзірленіп жатыр
21.08.2026, 20:59
Шалғай ауылдар газдандырылып жатыр
21.08.2026, 20:50
Қызылорда облысында жастар тазалық акциясына шықты
21.08.2026, 20:49
Мәскеудегі бес сайлау учаскесі сайлауға дайын
21.08.2026, 20:47
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы халықаралық байқаушылармен кездесті
21.08.2026, 20:40