ДДСҰ коронавирусқа байланысты 2 күндік жиналысты бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ДДСҰ коронавирусқа байланысты 2 күндік жиналысты бастады

11.02.2020

Әлемді дүрліктірген жаңа типті коронавирус эпидемиясы сәуірге қарай аяқталуы мүмкін. Бұл туралы Қытайдың медицина жөніндегі бас кеңесшісі Чжун Наньшань хабарлады. Кей аймақтарда инфекцияны жұқтыру жағдайлары азайған. Сондықтан осы айда эпидемия шарықтау шегіне жетіп, кейін вирустың таралуы бәсеңсуі мүмкін деп болжанып отыр.  

Осы мақсатта Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы екі күндік жиналыс өткізіп жатыр. Бүгін оған қытайлық 200-ден астам ғалым мен билік өкілдері бейне байланыс арқылы қатысып, індетке қарсы вакцина мәселесін талқылауда.

Соңғы деректер бойынша, вирус қоздырған пневмониядан бір тәулікте қаза тапқандар саны 100-ден асқан. Осылайша, емі жоқ дерттен бүгінге дейін 1016 науқас көз жұмып, оны 42 708 адам жұқтырғаны расталып отыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу