Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты соңғы ақпаратпен бөлісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты соңғы ақпаратпен бөлісті

07.02.2020

Коронавирус бойынша елдегі жағдай тұрақты. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріптің айтуынша, 6-қаңтардан бастап осы кезге дейін 123 адам жедел респираторлық вирусты инфекция диагнозымен ауруханаға жатқызылған.

Оның 92-сі шықты. 31 науқас емдерін жалғасттырып жатыр. Бұған қоса Уханьнан келген студенттердің де жағдайлары тұрақты екенін жеткізді. Олар 16-ақпанға дейін карантинде болады. Ресей мен Ташкенттегі отандастарымыздың да денсаулықтары бірқалыпты. Министрліктің жіті бақылауында. Ал кешелі бері әлеуметтік желілерде «екі азаматша короновирус жұқтырыпты» деген қауесетке нүкте қойылды.

Нұр-Сұлтан қаласында короновирусқа күдікпен бір госпатилизацияғы қатысты мына ақпаратқа мынаны хабарлаймыз. Бұл неауқас көппрофильді ауруханаға жеткізілді. Нәтижесінде К\С және ЖРВИ анықталған жоқ.

Осы тақырыпқа сай тағы бір маңызды ақпарат. Медициналық бетперделерді Қазақстан аумағынан шығаруға тыйым салынған жоқ. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жариялады. Елімізде бетперде өндіретін бес отандық кәсіпорын бар. Алматы мен Жамбыл облысында. Және Шымкентте. Аталған кәсіпорынның барлығы қалыпты түрде жұмыс істеп жатыр.

Сәуле АЛДАМҰРАҚТҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу