Талғар ауданының дамуы қарқынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талғар ауданының дамуы қарқынды

07.02.2020

Алматы облысында ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аудандарда отандық өнім өндіретін кәсіпорындарды көбейтіп, экспортқа шығару керектігін айтқан еді. Осыған орай облыста былтыр бірнеше кәсіпорын іске қосылып, көптеген жұмыс орны ашылған. Мәселен, Талғар ауданында өткен жылы 3,3 миллиард теңгеге төрт инвестициялық жоба жүзеге асты. Ал биыл тағы да 4 жоба қолға алынып, 500-ге жуық адам жұмысқа орналаспақшы.

Нұрхан Нұрланұлы 

Хабарламаларға жазылу