Талғар әкімі парамен ұсталды деген ақпарат тарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талғар әкімі парамен ұсталды деген ақпарат тарады

25.01.2021

Алматы облысы Талғар ауданының әкімі парамен ұсталды деген ақпарат тарады. Серікжан Ерекешевпен қоса қарамағындағы қос қызметкері де құрықталды. Шенеуніктер жалпы көлемі 10 млн теңге пара алған болуы мүмкін. Облыстық жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің мамандары хабарламаны жарияласа да, сауалымызға ресми жауап берген жоқ. Әкімдіктің баспасөз қызметі де үнсіз. 

Серікжан Ерекешевтің Талғар ауданының әкімі қызметіне кіріскеніне жарты жылға да жеткен жоқ. Ол 2016 жылы Іле ауданы әкімінің орынбасары болса, 2020 жылдың 17 тамызынан Талғар ауданының әкімі лауазымына кіріскен.



Хабарламаларға жазылу