«Саулық» жобасы аясында өткен шараға медициналық колледждің 200-ге жуық студенті қатысты. Акция аясында көпшілікке артериалды қан қысымын, қант мөлшерін анықтау сынды қызмет түрлері көрсетілді.
Волонтерлар тұрғындарға арнайы буклеттер мен парақшалар таратып, жұртшылықтың назарын аударуға тырысты.