Өскеменде макулатура қабылдайтын қойма өртенді
Төтенше жағдайдар басқармасының мәліметінше, макулатура қабылдайтын қойма аумағы екі сағат бойы өртенген. Оқиға орнына өрт сөндірушілер барған кезде шатырдың ағаш құрылымы, пластик ыдыстар, 30 тонна нығыздалмаған жиналмалы макулатура жанып жатқан.
«Өрт фронттық тиегішке тараған. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында 700 шаршы метрді шарпыған өрт 09:00-де ауыздықталды. Өртті сөндіруге 13 техника мен жеке құрамның 48 адамы тартылды. Ешкім зардап шеккен жоқ», - делінген хабарламада.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, мынадай нұсқалар қарастырылуда: электр құрылғысының апаттық режимі, электр құрылғысын пайдалану кезінде және монтаж жасағанда өрт қауіпсіздігінің сақталмауы және от жағу кезіндегі салғырттық.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы басталды
18.04.2026, 20:05
Қызылордада инновациялық жобалар байқауы өтті
18.04.2026, 20:05
«Таза Қазақстан» акциясы аясында әке мен бала ағаш отырғызды
18.04.2026, 20:04
«Mamma Mia!» музыкалық спектаклі өтті
18.04.2026, 20:04
Ақтауда «Тегін заң көмегі» акциясы өтті
18.04.2026, 20:04
Қажылық сапар ұйымдастырамын деп 7,4 млн теңгені жымқырған ер адам сотталды
18.04.2026, 20:04
Ормұз бұғазы қайта жабылды
18.04.2026, 20:04
Трамп НАТО-ны сынға алды
18.04.2026, 20:04