АҚШ президентінің Ұлттық қауіпсіздік бойынша бұрынғы кеңесшісі Джон Болтон өз кітабында Трамп туралы жазды. Ол Украинаға көмек беру туралы АҚШ президенті шешімін саяси қарсыластарына қатысты тергеумен байланыстырды деп жазған. Бұл мәлімдеме Болтон достарымен бөліскен қолжазбада жазылған. Қолжазба әлі жарияланбады. Ол Ақ үйде қызметтік құпияны ашу үшін талданып жатыр. Бұл процестің ұзаққа созылуы мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, Джон Болтон 10 қыркүйекте отставкаға кетті. Президент кеңесшісі президенттен Украинаға ақша бөлуді тоқтатуын бірнеше рет сұраған. Бірақ Трамп оынмен келіспейтінін айтқан.
Ал, Трамп бұған дейін бұл істі дұрыс емес деп бірнеше рет твиттерде жазды.
Болтон атқарушы биліктің ішкі байланыстарының құпиялылығына (атқарушы артықшылық) байланысты импичментте куәлік беруден бас тартты. Сондай-ақ, сенатқа шақырылса, куәлік беруге дайын екенін де білдірді.
Экс-шенеуніктің кітабының мазмұны туралы жаңа ақпарат демократтарға сенат процесіне жаңа куәгерлерді шақыруға себеп болды. Бұл үшін сенаторлардың көпшілігі дауыс берсе жеткілікті. Бірақ Сенаттағы демократтар саны республикашылдардан аз. Әзірге олардың дауыстары жеткіліксіз болуы мүмкін.
New York Times