Орыс ақындары Абайдың өлеңдерін аударуға кірісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орыс ақындары Абайдың өлеңдерін аударуға кірісті

27.01.2020

Абай арқылы ресейліктердің қазақ әдебиетіне деген қызығушылығы бұрынғыдан да арта түскен. Көрші елде қазір арнайы жоба дайындалуда. Орыс ақындары Абайдың өлеңдерін аударуға кіріссе, баспалардың бірі ақынның шығармаларын біріктіріп, жинақ шығармақ. «Бұл алдымен екі елдің арасындағы әдеби –рухани байланыстың дамуына серпін береді»,- дейді мамандар. Ресейде қазақ тілінен кәсіби аудармашы тапшы, сондықтан Қазақстаннан маман тарту көзделуде.  

Индира БЕГАЙДАР


Хабарламаларға жазылу