Қызылжар жастары Абайдың өлеңдерін оқыды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылжар жастары Абайдың өлеңдерін оқыды

11.08.2023

Қызылжар жастары ашық аспан астында Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін оқып, әндерін шырқады. Жастар Абайдың тағылымы мол шығармаларына тағы бір қанығып, өз пікірлерін ортаға салды. Жиын соңында көпшілік ақынның ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. «Сөз зергерінің туындыларына терең бойлайтын жастардың қатары жал сайын артып келеді», - дейді ұйымдастырушылар.

Құралай Амантай, оқушы:

Әрбір қазақтың жүрегінде ерекше орын алады деп есептеймін. Оның қара сөздері және өлеңдеріне үңіліп қарасаңыздар терең мағынаға ие. Әрбір адамды жақсы қасиеттерге жақынырақ болуға, жаман қасиеттерден алшақ болуға шақырады.


Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу