Түркияда ХХІІ халықаралық Хазар поэзия кеші өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда ХХІІ халықаралық Хазар поэзия кеші өтті

02.10.2014
Түркияда ХХІІ халықаралық Хазар поэзия кеші өтті

Түркияда ХХІІ Хазар халықаралық поэзия кеші өтті. Түбі бір түркі елдерінің танымал ақындары арнайы келіп, жырдан шашу шашатын бұл шара 1992 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді, деп хабарлайды adebiportal.kz.

Ақындар кеші ақындар мен жазушылардың кітаптарына қол қою рәсімімен басталды. Оны Елазык қаласының Туризм және мәдениет департаментінің басшысы ашты. Кеш аясында ақындар маршы өтті. Оған қала басшылары, Түркия қалаларынан келген қонақтар, оқушылар және түркі дүниесінің ақындары қатысты.

Күллі түркі дүниесі үшін маңызы зор поэзия мерекесіне биыл Қазақстанның атынан белгілі ақын, «Жұлдыз» журналының бас редакторы Ұлықбек Есдәулет қатысты. Сондай-ақ, түркі әлемінің Әзербайжаннан Акыф Ахмадов, Ирактан Джевдет Кадыоулу, Грузиядан Рапик Гумбатов, Гагаузиядан Фиодур Занет, Қырымнан Тауыр Қырымов, Қырғыз елінен Керімбек Кадыракунов, Өзбекстаннан Міразиз Ағзамов, Татарстаннан Фарыт Яхын сынды ақындары қатысты. Олар «Байрақ» тақырыбындағы өлеңдерін оқыды.

Елазығта бас қосқан поэзия саңлақтары екі күн бойы өздерінің өлең жырларын оқып, түркі әдебиетінің қазіргі жағдайын талқылады.

Хабарламаларға жазылу