Қытайда вирусты жұқтырған науқастарға арналған жаңа аурухана салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда вирусты жұқтырған науқастарға арналған жаңа аурухана салынады

24.01.2020

Қытайда жаңа типті коронавирусты жұқтырған науқастар үшін арнайы аурухана салынып жатыр. Ухань қаласындағы емдеу мекемесін бір аптаның ішінде, яғни ақпанның 2-не дейін салып бітіру жоспарланып отыр. 25 мың шаршы метрлік жаңа ғимарат мың науқасты қабылдауға арналған.

Айта кетсек, соңғы мәліметке сәйкес, жаңа вирустан 26 адам қаза тауып, оны жұқтырғандар саны 830-дан асты. Жұмбақ дерттен әбден үрейі ұшқан халық маска алу үшін дәріханаларда ұзын-сонар кезекте тұруға мәжбүр. Жұқпалы инфекция белгілері Сингапур, Вьетнам, Оңтүстік Корея, Жапония, Таиланд және АҚШ-та анықталған. Оның адамнан адамға жылдам таралуына байланысты, Қытайдың он шақты қаласы жабылып, қалааралық қатынастар доғарылды. Сондықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы барлық мемлекеттерге коронавирусқа дайын болып, оған қарсы шараларды дер кезінде қабылдауды ескертті.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу