Трамп импичменті: сенаторлар сот уақытында ойын ойнап, ұйықтап отырған
Америкалық сенаторлар импичмент уақытында ойын ойнады, ұйықтап отырды және басқа да ережелерді бұзды деп айыпталуда.
Джим Риш и Джим Инхоф тыңдалымды тастап, шығып кеткен.
Сот процесі уақытысында жүргізілген тінту кезінде сөзжұмбақтар мен қағаздан жасалған ұшақ та табылған.
Сот процесінде Трамптың билігі америкалық демократияға қауіп төндіруде деген ой да айтылды.
Cот процесінен кейін америкалық БАҚ республикалықтар мен демократтарды іші пысқан мектеп оқушыларына теңеді.
Сондай-ақ, импичмент ісі жүріп жатқанда, парламент мүшелерінің көбісі смартфондарын жасырын түрде ішке алып кірген. Ал палата мүшелерінің кейбіреуі смарт сағат тағып келген. Импичмент ережесі бойынша, сот процесін суретке түсіруге болмайды. Сол себепті де смартфонға тыйым салынған.
Сондай-ақ, тамаққа қатысты қатаң талаптар да бұзылған. Қатысушылар шоколад жеп, сағыз шайнап отырған.
bbc.com
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы