Абайдың 175 жылдығына орай кітап көрмесі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абайдың 175 жылдығына орай кітап көрмесі ашылды

20.01.2020

Таразда Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай кітап көрмесі ашылды. Онда ұлы ақынның өлең жинақтары, қара сөздері хикмет кітаптары қойылған. Сондай ақ кемеңгердің өмір жолы, шығармаларына арналған 80-нен астам ғалым-жазушының зерттеулері мен еңбектері де бар. Көрме тұрақты түрде жұмыс істейді. Ұлы Абайдың бай мұрасын тереңірек оқып-білгісі келетін жас ұрпақ үшін бұл таптырмас мүмкіндік. Бүгін облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасындағы музей көпшілікке таныстырылды.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ


Хабарламаларға жазылу