Абайдың қара сөздері жаңа форматта жарық көрді

02.11.2020

Қайырымдылық қорының бастамасымен 5 мың дана кітап ұлы ойшылдың 175 жылдығына орай жарық көрді. Туындыда хакімнің 45 қара сөзі балалардың тақырыпқа сай салынған суреттерімен, Абайдың портреттерімен безендіріліп, философиялық мағынасын аша түскен. Кітап республикадағы кітапханаларға, балалар үйлеріне, мектептерге және Ресейдегі қазақ мектептеріне тегін таратылады.

Саида Ибрагимова, «Baurzhan foundation» қайырымдылық қорының менеджері:
Осы бастама арқылы біз өскелең ұрпақты шығармашылыққа шақырып, ойшылдың ойын әр адамға жеткізсек дейміз. Бұл жобаға 300-ге жуық қатысушы салған суретін жіберді. Соның 90-нан астамы кітапқа енді. Мұндай жобалар арқылы Абайдың қара сөздері ешқашан өзектілігін жоғалтпайды деп ойлаймын.

Абай Құнанбайұлы Абайдың қара сөздері кітап

Хабарламаларға жазылу