Ақбөкен атқан қорықшылар құрықталды
Сыр өңірінде ақбөкен атқан «Охотзоопром» мекемесінің қорықшылары құрықталды. Олардың қылмысы Қармақшы ауданының территориясында қызметін атқарып жүрген жерінде әшкереленді.
Учаскелік полиция инспекторлары рейдтік шараға шығып жапан далада жүрген «Охотзоопромның» қызметтік автокөлігін тоқтатады. Құқық қорғаушылар көліктің арт жағында қан іздерін байқап, қорықшылардың қызметіне күдік туған. Бірақ, көліктегі үш қызметкер тексеруге қарсылық білдіріп, бой тасалап қаша жөнелген. Алайда, алысқа ұзамай, құрыққа түскен. Қызметтік көлікті тінту барысында 1 дана тегіс ұңғылы қару, пышақ және прожектор шамы мен ақбөкеннің өлі денесі табылған. Бүгінде қызметіне адалдық танытпаған қорықшыларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Әділбек СЕРІКҰЛЫ
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӨскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 10:11
Алматыда өнертанушы Мұхамеджан Әлімбаевтың 75 жылдығына арналған көрме ашылды
22.10.2026, 10:09
Брюссельдегі әйгілі мүсінге қазақтың шапаны кигізілді
22.10.2026, 10:08
Павлодар облысында тауарларға жеңілдік апталығы жарияланды
22.10.2026, 10:06
Кремль Украина мәселесі бойынша үшжақты келіссөзге дайын
22.10.2026, 10:04
Адамның араласуынсыз тапсырма орындайтын ЖИ жүйелері талқыланады
22.10.2026, 10:01
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30