Германия электр станциялары 2038 жылға қарай көмірден толық бас тартпақ
Германияның электр станциялары қоңыр көмірді пайдалануды 2038 жылға қарай толықтай доғарады. Ал ел үкіметі мұндай отынмен жұмыс істейтін зауыттарға 40 миллиард еуро өтемақы бөлуді жоспарлап отыр. Осылайша, Германия атом және көмір энергетикасынан бас тартқан алғашқы ел болмақ.
Бұндай шешім климат жөніндегі Париж келісімі аясында қабылданып отыр. Қоңыр көмір – жылуды аз бөлетіндіктен, оны көп мөлшерде жағу керек. Яғни одан көмірқышқыл газы көбірек тарап, ауаны қатты ластап жатыр. Дегенмен, экологияға зиянды бұл отыннан елдегі электр қуатының 19 пайызы өндіріліп келген. Ал зауыттар одан арыла отырып, мемлекеттік субсидиямен табиғи газға ауыспақ.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
22.08.2026, 11:30
S&P Global Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB» деңгейіне жоғарылатты
22.08.2026, 10:52
Қазақстанның су шаруашылығына екі жылда рекордтық 677 млрд теңге инвестиция тартылды
22.08.2026, 10:30
308 жасанды интеллект агенті әзірленіп жатыр
21.08.2026, 20:59
Шалғай ауылдар газдандырылып жатыр
21.08.2026, 20:50
Қызылорда облысында жастар тазалық акциясына шықты
21.08.2026, 20:49
Мәскеудегі бес сайлау учаскесі сайлауға дайын
21.08.2026, 20:47
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы халықаралық байқаушылармен кездесті
21.08.2026, 20:40