Ливандағы наразылық акциясында 45 адам жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ливандағы наразылық акциясында 45 адам жараланды

16.01.2020

Ливанда екінші күнге созылған наразылық акциясы қақтығысқа ұласып, 45 адам жараланды. Олардың 35-і ауруханаға жеткізілген. Бейруттегі полиция басқармасы алдына жиналған демонстранттар сейсенбіде қамауға алынған жақтастарын босатуды талап етіп, тас пен петарда лақтырған. Бұған жауап ретінде тәртіп сақшылары көз жасаурататын газ қолданып, адамдарды күшпен таратуға тырысты.

Айта кетсек, Ливанда билікке қарсы наразылық акциялары қазаннан бері жалғасып жатыр. Елдің нашарлап кеткен экономикалық ахуалы адамдардың жаппай көтерілуіне түрткі болған. Сол уақыттан бері бұрынғы премьер-министр Саад Хариридің отставкасынан басқа, жағдайды түзеу үшін еш шара қолданылмағандықтан, халық жаңа үкімет басшысының да қызметтен кетуін талап етіп жатыр. 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу