Қостанайда сыра ішіп көлік жүргізген кәсіпкер 15 тәулікке қамалды

14.01.2020

35 жастағы азамат досының туған күнінен шыққан соң қала шетіне таксимен қайтпақ болыпты. Алайда өзінің айтуынша такси ұзақ күттіргесін амал жоқ көлігіне отырған. Мас күйінде машина жүргізген жігітті полицейлер он екінші қаңтар күні ұстаған. Ішімдік ішкенін айғақтайтын медициналық қорытынды да бар. Айыпталушы жүргізуші куәлігін 10 жыл бұрын алыпты. Бұған дейін әкімшілік жауапқа тартылмаған. Сот оның кәмелетке толмаған екі баласы барын, күнкөрістік кәсібінің жарты айға тоқтап қалатынын да ескерген жоқ. 

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу