Қызылорда облысында көлікті мас айдаған 600 адам ұсталған
Елімізде алкогольді ішімдік ішіп, көлік тізгініне отыратындарға жаза күшейсе де өрескел заң бұзушылыққа баратындар азаяр емес. Мәселен Қызылорда облысында жыл басынан бері мас күйінде автокөлік жүргізген 600-ден аса жүргізуші ұсталды.
Жол-патрульдік полициясы заңға бағынбай, ащы судың буымен қоғамға қауіп туғызған жүргізушілерді ұстау барысында түсірілген бейнежазбаларды жариялады. Алғаш рет ішімдік ішіп ұсталған темір тұлпар иелері заңға сәйкес 7 жылға көлік басқару құқығынан айрылып, 15 тәулікке қамауға алынды. Ал осы әрекетін екінші мәрте қайталағандарға қылмыстық іс қозғалған.
Сәбит Сатқанбай, Қызылорда облыстық полиция Департаменті ӘІІБ бөлім бастығы:
Көлік құралын алкогольді масаң күйде тізгіндеген 600-ден астам жүргізуші ұсталды. Сонымен қатар ҚР Қылмыстық Кодексінің 346-бабына сәйкес алкагольдік масаң күйде көлік құралын қайталап басқарған 33 тұлға анықталған.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Футболдан Әлем кубогы Вашингтонға жеткізілді
04.12.2025, 20:25
Халықаралық инвестициялық форумға 20 елдің өкілдері қатысты
04.12.2025, 20:23
Әлем жаңалықтарына шолу
04.12.2025, 20:13
Елімізде балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салынуы мүмкін
04.12.2025, 20:12
Абай облысындағы шалғай ауылдар оңалып келеді
04.12.2025, 20:11
Шағымдардың басым бөлігін әкімшілік сот қарауы мүмкін
04.12.2025, 20:11
Елдің оңтүстігінде 11 мыңға жуық вагон кептелісте тұр
04.12.2025, 20:08
Биыл СҚО-на 900 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды
04.12.2025, 20:07