Маңғыстауда сұйытылған газдың бағасы қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда сұйытылған газдың бағасы қымбаттады

14.01.2020

Қазір 1 литрі — 58 теңге. Осыған байланысты Ақтауда Энергетика министрлігі өкілі мен облыс әкімі бірінші орынбасарының қатысуымен брифинг өтті. Олар өңірде газдың бағасын тұрақтандыру үшін келіссөздер жүріп жатқанын жеткізді. Айтуларынша, Маңғыстаудағы «Қазақгазөңдеу» зауыты аймақтың қажеттілігін толық өтей алмай отыр. Сондықтан газ өзге өңірлерден де тасымалданады. Бұған қоса облыстағы 164 мың автокөліктің 70 пайызы сұйытылған газбен жүреді. Бағаны тұрақтандыру үшін, облыс әкімдігі барлық газ желісі ұйымдарымен меморандумға қол қойды. Ал министрлік өңірге көгілдір отынның уақытылы жеткізілуін қамтамасыз етпек.    

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ 

Хабарламаларға жазылу