Елімізде сұйытылған газ бағасы қымбаттайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде сұйытылған газ бағасы қымбаттайды

27.10.2023
Елімізде сұйытылған газ бағасы қымбаттайды

Алдағы бірнеше жылда сұйытылған газдың бағасы айтарлықтай қымбаттайды. Бұл туралы энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев хабарлады. Қазір аймақтағы ең төмен баға бізде. Сондықтан өндірушілер үшін газды шетелге сатқан тиімді. Алдағы жылдары елде тапшылық болуы да мүмкін. Көліктері газбен жүретіндер сұйытылған емес, сығылған газ сатып алуға мәжбүр болады. Ал ол әлдеқайда қымбат деді министр.

Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Энергетика министрі:

Сұйытылған газдың бағасын нарық реттемейді. Ішкі нарыққа газ сату компаниялар үшін шығын деп айтсақ болады. Сондықтан бағаны бұлай ұзақ ұстап тұру мүмкін емес. Осыны ескеріп, көлік жүргізушілер газ құрылғыларын орнатпағаны абзал. Күрт өсім болмағанымен бірнеше жыл ішінде ішкі нарықтың бағасы экспортпен теңесетіні анық.

Оңғар Алпысбай

астана

Хабарламаларға жазылу