Мәскеу Швейцариядан 15 миллион тонна қар сатып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеу Швейцариядан 15 миллион тонна қар сатып алды

13.01.2020

Мәскеуде күн күрт жылынып, ағаштар бүршік жарды. Қаңтардағы қытымыр қыстың орнына көктем келді. Ауа райының мұндай құбылысынан тығырыққа тірелген қала билігі Швейцариядан қар сатып алуға мәжбүр болды. Бұндай ұрымтал сәтті пайдаланып қалуға тырысқандар қардың саудасын қыздырып-ақ жатыр. Қазір Ресей сайттарында қардың тоннасын бес жүз рубльдан жеті мың рубльға дейін сатуда.

Дегенмен, мәскеуліктер 31 желтоқсанда мүлде қарсыз қалмады, қала әкімшілігі Швейцариядан 15 миллион тонна қар сатып алған, ол үшін 540 миллион еуро жұмсалған. Қала тұрғындары ұрлап кетпес үшін, ақ ұлпаны арнайы қоршап та қойды. Алайда, желтоқсанның соңында әкелінген қар қазір таусылды.

Қалада жауған қар екі, үш сағатта еріп кетеді, күннің жылылығынан бәйшешек пен бақбақ гүлдей бастады. Желтоқсанның ортасында ауа температурасы 7 градус жылы болды. «Мұндай көрсеткіш Мәскеу қаласы бойынша 138 жыл бұрын тіркеліпті, алдағы күндері сынап бағанасы бұдан да асып түседі»,- дейді синоптиктер. Яғни метеобақылау тарихында жаңа рекорд орнатылуы мүмкін.

Сондықтан Ресей үіметі климатқа бейімделудің 2022 жылға дейінгі ұлттық жоспарын бекітті. Құжатта халықтың қауіпсіздік мәселесіне мән берілген. Қатер төнген жағдайда кіші елді мекендерден бастап ірі қалаларға дейін көшірілуі мүмкін. Ал осы күндері мамандар елдің солтүстігіндегі Улан-Удэ, Воркутэ қалаларында да мұз еріп, төтенше жағдай болуы мүкін екенін ескертеді.

Индира БЕГАЙДАР


Хабарламаларға жазылу