АҚШ-тың Ирактағы әскери базасына тағы да зымыранмен шабуыл жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Ирактағы әскери базасына тағы да зымыранмен шабуыл жасалды

13.01.2020
АҚШ-тың Ирактағы әскери базасына тағы да зымыранмен шабуыл жасалды

Бағдадтың солтүстігіндегі Балад авиабазасы зымыранмен атқыланды. Базада АҚШ әскері орналасқан. Соққыдан 4 Ирак азаматы жарақаттанған, оның екеуі - әскери қызметкер.

Ирак әскерилерінің мәліметінше, базаға сегіз реактивті снаряд түскен. Олар ұшу-қону жолағы мен базаның шыға берісіне бағытталған.

Осы оқиғадан кейін базадан АҚШ сарбаздары шығарылды. Авиабазаға кімнің шабуыл жасағаны әзірге белгісіз.

Балад базасында негізінен Ирактың АҚШ-тан сатып алған Lockheed Martin F-16 тактикалық жойғыш ұшақтары орналастырылған. AFP агентігінің хабарлауынша, базадағы АҚШ әскері мен Sallyport Global және Lockheed Martin қорғаныс компаниялары қызметкерлерінің 90 пайызы Бағдадтың солтүстігіндегі Тәджи қаласы мен Эрбил қаласына ауыстырылған.

Айта кетейік, Балад авиабазасы биыл 4 қаңтарда зымыранмен атқыланған болатын.

dw.com Фото: Reuters 

Хабарламаларға жазылу