Отандық ұшқыштар неге жұмыс таппай шетел асады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық ұшқыштар неге жұмыс таппай шетел асады?

11.01.2020

Ұшақтар туралы айтқанда тарихына үңілмеуге болмайды. 1843 жылы ағылшын азаматы Уильям Хенсон әуе көлігін құрастыруға патент алады. Алайда қанша мәрте тырысқанмен ұшағы көкке көтерілмей көпке күлкі бопты. Бұл түсінікті, ол кезде автокөліктің өзі тың құбылыс еді ғой. Ал қазір сіз бен біз қатынайтын ұшақтардың бастауында Уилбур Райт пен Орвилл Райт есімді америкалық азаматтар тұр. Олар әуе көлігін құрастырып ұшырған. 1903 жылдың 17 желтоқсанында темір техниканың ұшқаны ресми құжатпен расталған. Тағы бір түйткіл бар, ол ұшақты басқаратын ұшқыштар мәселесі. Мұндайда «ұшқыштың сауаттысын тіле деген ұшағың аман-есен қонсын» десең. Біздегі штурвал ұстағандардың көбі шетелдік екенін еміс-еміс еститін еді ел. Отандық мамандар қайда деп сұрау салған кезімізде жоқ емес. Бірақ жауап жалқы. Қазақстандық ұшқыштардың көбісі өзге елдерде темір техниканы басқаруға мәжбүр, бізде кадрдің қадіріне жету жағы кемшін тартады деп сарапшылардың сынағанында білеміз. Таяқтың екі ұшы бар, ардагер ұшқыштар Қазақстандағы әуе апатының жиілеуі штурвал ұстағандардың шикілігінен дейді.

Мақаш Әбішев, ардагер ұшқыш:

Техниканың аты техника. Ұшақтың қозғалтқышы істен шығуы айтарлықтай қиын дүние емес. Бұл жерде барлығы экипаждың шешімі мен сол сәттегі әрекетіне байланысты. Өкінішке қарай біздегі ұшқыштардың кейбірі кәсібилік таныта алмайды.Тек өзі ғана емес қанша жанның өміріне жауап беретінін естен шығармаса дейміз.

Сіз бен бізді А нүктесінен Б нүктесіне аман-есен жеткізуі тиіс ұшқыштар расында ісіне салғырт қарай ма? Әлде бұл әуе компанияларының жауапсыздығы ма? Өйткені отандық ұшқыштар тәулігіне 7-8 рет ұшып-қонуға мәжбүрміз деп арызын айтқан еді.

Азамат БЕЙБІТҰЛЫ  


Хабарламаларға жазылу