Google 40 тілді түсінетін және 40 тілге аудара алатын құлаққап ойлап тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Google 40 тілді түсінетін және 40 тілге аудара алатын құлаққап ойлап тапты

05.01.2020
Google 40 тілді түсінетін және 40 тілге аудара алатын құлаққап ойлап тапты

Жаңа «Pixel Buds» сымсыз құлаққаптары ақпаратты 40 тілде түсінеді, әрі аударма жасай алады. «Pixel Buds» толықтай Pixel смартфондарымен жұпталатын болады. Құрылғы Google Assistant виртуалды көмекшісіне қосылады, құлақаққапты оң бөлігінде орналасқан кішкентай сенсорлық тақтаны басып қосуға болады. Көмекшіні дауыстық командалар басқарады: мысалы, пайдаланушы оған белгілі бір әнді қосуды, қоңырау шалуды немесе оған жолды айтуды сұрай алады.

Дегенмен Google-дің ең маңызды құлаққаптарының ең басты ерекшелігі - сөйлеуді дәл сол сәтте аудару мүмкіндігі. «Pixel Buds» мүмкіндіктерін көрсету үшін «Google» қызметкерлері диалог ұйымдастырды: олардың бірі ағылшын тілінде сөйлесе, екіншісі оған швед тілінде жауап берді. «Google» көмекшісіне сенсорлық тақтаны ұзақ тигізу арқылы қоңырау шалуға болады, мысалы, пайдаланушы: «Маған швед тілінде сөйлеуге көмектесіңіз» деп айтуы мүмкін. Құрылғы алдымен осы сөйлемді аударады, содан кейін әңгімелесуші швед тілінде сөйлей бастағанда, ол сөйлеуді синхронды түрде (Pixel смартфонындағы «Google Translate» қосымшасын қолдана отырып) пайдаланушының ана тіліне аударады - аударма тікелей гарнитурада естіледі. Қазіргі уақытта 40 тілге қолдау көрсетіледі.

«Google» көмекшісі смартфонды пайдаланбай-ақ бағыттарды көрсетіп, Интернеттен іздеп, сол уақытта қоңырауларды басқара алады.

Әзірге үш түсте шығарылмақ - ақ, қара және көк түстерде. Сонымен қатар, портативті батарея арқылы жолда зарядтауға болады.

Құлаққаптарға алдын ала тапсырыс беруге болады.

bbc.com

Хабарламаларға жазылу