Ғалымдар Есіл өзенінен энергия алатын құрылғы ойлап тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалымдар Есіл өзенінен энергия алатын құрылғы ойлап тапты

08.01.2015
Ғалымдар Есіл өзенінен энергия алатын құрылғы ойлап тапты

Астаналық ғалым қала тұрғындары тұтынатын қуатты түгелімен Есілден алуды ұсынып отыр.

Бақытжан Әлменов тоқтап тұрған судан қуат алатын құрылғы ойлап тапқан. Жоба жүзеге асса, электр энергиясының бағасы арзандайды.

 «Электр қуатының қазіргі құны шамамен 13-15 теңге. Жаңашылдық жүзеге асса, жарық үшін 2-3 теңге ғана төлейсіз», дейді ғалым. 

Бақытжан Әлменов бұл идеясына 15 жылын сарп етті. Аспапты патенттеді, жобасын шетелде қорғап келді. Қалғаны - қағаз күйіндегі құрылғының эксперименттік нұсқасын шығару.

 

Әлия ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу