Нұрлан Нығматуллин Мәжіліс төрағасы болып сайланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрлан Нығматуллин Мәжіліс төрағасы болып сайланды

22.06.2016
Нұрлан Нығматуллин Мәжіліс төрағасы болып сайланды

Бұған дейін Президент Әкімшілігінің жетекшісі болған Нұрлан Нығматулин Парламент Мәжілісінің төрағасы боп бекіді. Бүгін төменгі палата депутаттары ұсынылған 1 ғана кандидатураны бірауыздан қолдап, жасырын дауыс беру арқылы сайлады. Ал, бұрынғы спикер Бақтықожа Ізмұхамбетов Ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

Төраға қызметін 3 айға толар-толмас атқарған Бақтықожа Ізмұхамбетов өз еркімен отставкаға кететінін айтты. Депутаттық корпус еш қарсылық білдірместен, экс-спикердің шешімін қабыл алды. Енді Бақтықожа Ізмұхамбетов Мәжіліс депутаты бола жүріп, Ардагерлер кеңесі төрағасының қызметін қоса атқармақ.

 

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу