«Үлкен опера» жобасының жеңімпазы Салтанат Ахметова «Богема» операсында Мюзеттаның партиясын шырқайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Үлкен опера» жобасының жеңімпазы Салтанат Ахметова «Богема» операсында Мюзеттаның партиясын шырқайды

03.03.2015
«Үлкен опера» жобасының жеңімпазы Салтанат Ахметова «Богема» операсында Мюзеттаның партиясын шырқайды

Жеңіл мінезді Мюзеттаның партиясын «Үлкен опера» тележобасының жеңімпазы Салтанат Ахметова орындайды.

«Көрермен менің кейіпкерімнің қалай өзгеретінін, Мюзеттаның жеке басы көз алдыңда қалай өсетінін бақылай алады. Спектакльдің басында ол өмірдің жалықтырар тіршілігінен қашып, қалталы еркектермен көңіл көтеру арқылы жеңіл өмірді сауғалайды.

Ал, сюжеттің соңында біз бұл бейненің өзгеріске ұшырап, өмірдің қиын-қыстауында шынайы адамгершілік қасиеті оянатын, қайғыға ортақтаса алатын, махаббаттың не екенін түсінетін адамды көреміз. Бұл спектакль маған өте ұнайды. Кеш көрерменнің жанына жайлы демалыс сыйлайды деп үміттенемін», – дейді Салтанат Ахметова.

Ресейдің Халық суретшісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Вячеслав Окунев өзінің тамаша декорациялары мен костюмдері арқылы Париждің жырға толы әсем де, тар келетін көшелерінің атмосферасын жеткізеді.

Спектакль бір үзілістен тұрады, 2 сағат 40 минутқа созылады. Билет бағасы 500 теңгеден басталады.

 

astanaopera.kz

Хабарламаларға жазылу