Дональд Трамп: АҚШ Ирандағы 52 нысанды атқылауға дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дональд Трамп: АҚШ Ирандағы 52 нысанды атқылауға дайын

05.01.2020
Дональд Трамп: АҚШ Ирандағы 52 нысанды атқылауға дайын

АҚШ Ирандағы 52 нысанды атқылауға дайын. АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің Twitter-дегі осылай деді.

«Бұл ескерту болсын. Егер Иран америкалықтарды немесе америкалық нысандарды атқылайтын болса, біз де қазірден бастап Ирандағы 52 нысанды көздеп отырмыз (бұл нысандар Иранның көп жыл бұрын тұтқынға алған 52 америкалықты білдіреді). Ол нысандардың кейбіреуі Иран үшін, Иран мәдениеті үшін аса маңызды. Соққы осы нысаналарды және Иранды көздейді, бұл өте жылдам және өте күшті соққы болады. АҚШ қорқытып-үркітуге енді шыдамайды!», - деп жазды АҚШ президенті.

© AP Photo / Evan Vucci

Хабарламаларға жазылу