АҚШ сенаты Дональд Трампты ақтап шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ сенаты Дональд Трампты ақтап шықты

06.02.2020

АҚШ президенті Дональд Трамп отставкаға кетпейтін болды. Себебі сенат оны ақтап алғандықтан, импичмент жүзеге аспады. Бұған дейін демократтар Ақ үй басшысына Украинаға қысым көрсетіп, билігін асыра пайдаланды және Конгресстің жұмысына кедергі жасады деген екі айып таққан еді. Алайда республикалықтар бақылауындағы сенаторлардың 48-і бірінші бап бойынша Трампты кінәлі деп тапса, 52-сі оның заң бұзғанын жоққа шығарған. Екінші бап бойынша да дауыс беру нәтижесі осы шамалас. 

Дегенмен Трамп өзіне тағылған айыптарды мойындаған емес. Әлеуметтік зерттеулерге қарағанда, қазір қарапайым америкалықтардың 50,2 пайызы оны биліктен кетіруді қолдап отырса, 45 пайызы мемлекет жетекшісін отставкаға жіберуге қарсы.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу