Иранда Генерал Касем Сулейманимен қоштасу рәсімі өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иранда Генерал Касем Сулейманимен қоштасу рәсімі өтіп жатыр

05.01.2020
Иранда Генерал Касем Сулейманимен қоштасу рәсімі өтіп жатыр

Иракта АҚШ-тың операциясы нәтижесінде қаза тапқан Иран армиясының элиталық бөлімшесінің қолбасшысы, генерал Касем Сүлейманийдің мүрдесі Иранға жеткізілді, қоштасу рәсімі өтіп жатыр, деп хабарлайды ISNA.

Ұшақтың Иранның батысындағы Ахваз қаласындағы әуежайға қонғаны айтылған.

Жексенбіде қоштасу рәсімдері Ахвазда, сосын дүйсенбіде Машхадда өтеді, ал сейсенбіде Керманға жерленеді.

3 қаңтарға қараған түні Америка Құрама Штаттары Бағдад халықаралық әуежайының аймағында 2019 жылы 31 желтоқсанда Вашингтонда Багдадтағы АҚШ елшілігіне шабуылды ұйымдастыруға қатысқан деп саналатын Сүлейманиге және Ирак шиит милициясы басшысының орынбасары Абу Махди аль-Мухандиске қарсы операция жасады.

Иранның Жоғарғы Көсемі Али Хаменеи Сүлейманийдің өлімі үшін АҚШ-тан кек алуға уәде берді. АҚШ президенті Дональд Трамп егер американдықтар шабуылға ұшыраса, Ирандағы 52 нысанаға «жылдам және күшті соққы» жеткізуге уәде берді.

Әлемдік қауымдастық АҚШ пен Иранды сабырға шақырды.

ria.ru


Хабарламаларға жазылу