Дональд Трамп Иранға коронавируспен күресуде көмек беруге дайын екенін жеткізіді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дональд Трамп Иранға коронавируспен күресуде көмек беруге дайын екенін жеткізіді

20.04.2020
Дональд Трамп Иранға коронавируспен күресуде көмек беруге дайын екенін жеткізіді

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға өкпені жасанды желдету аппараттарымен көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді. Алайда Иран Ислам Республикасының билігі бұл көмектен бас тартып отыр.

Дональд Трам Ақ үйде өткен баспасөз мәслихатында АҚШ-тың Мексикаға заманауи медициналық құрылығылармен көмек көресететінін айтты. Сонымен қатар ол мұндай көмекті Иран мемлекеті де ала алатын айтты.

«Біз Иранға мыңдаған өкпені жасанды желдету аппаратын жеткізуге дайынбыз. Бірақ Тегеран билігі бұл туралы ашық түрде сұрауы тиіс. Қазіргі таңда АҚШ Мексикадан бөлек, тағы басқа да мемлекеттерге көмек көрсеткелі жатыр»,- деді ол баспасөз мәслихатында.

Ал Иранның Сыртқы істер министрі Джавад Зариф өзінің Twitter-дегі парақшасында АҚШ-тың көмегінен бас тартатынын және Дональд Трампқа өзге елдердің мәселелеріне араласпауын сұрады. Сонымен қатар алдағы уақытта Иран заманауи медициналық аппараттарға өздері экспорт жасайтынын мәлімдеді.

Қазіргі таңда Иран Ислам Республикасында COVID-19 індетін жұқтырған 80 мыңнан астам дерек тіркелген. Оның ішінде 5 мыңға жуық адам аурудан көз жұмған.

Дереккөз: Известия


Хабарламаларға жазылу