АҚШ президенті коронавирусқа қарсы вакцинаның қашан дайын болатынын айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ президенті коронавирусқа қарсы вакцинаның қашан дайын болатынын айтты

04.05.2020
АҚШ президенті коронавирусқа қарсы вакцинаның қашан дайын болатынын айтты

АҚШ президенті Дональд Трамп коронавирусқа қарсы вакцинаның қашан дайын болатынын айтты.

Оның айтуынша, COVID-19 вирусына қарсы вакцина осы жылдың аяғына дейін жасалады. 

«Менің ойымша, бізде вакцина осы жылдың аяғында дайын болады», - деді ол Fox News телеарнасына берген сұхбатында.

Сондай-ақ Дональд Трамп мамандар коронавирусқа қарсы вакцинаны жасау үшін бар күшін салып жатқанын, оның ішінде белгілі бір препараттарды қолдануға рұқсатты бекіту үшін мүмкіндігінше тез жұмыс істеп жатқанын жеткізді.

Соңғы мәліметтер бойынша, АҚШ-та 1 188 122 адам коронавирус жұқтырған, 67,4 мың адам індеттен көз жұмды.

ria.ru

Хабарламаларға жазылу