Дегенмен кейбір дереккөздерде олардың саны 14-ке жеткені айтылуда. Алдағы сағаттарда Төтенше жағдай мамандары Орталық коммуникациялар қызметіне келіп, соңғы ақпараттарды жеткізеді деп жоспарланған. Бүгін таңертең Алматыда 95 жолаушысы 5 экипаж мүшесі бар ұшақ апатқа ұшырады. Радардан жоғалып кеткен әуе кемесі «Бек Эйр» компаниясына тиесілі. Ұшақ әуежайдан тысқары аумақта, қоршауы бар нысанға барып құлаған. Кейбір деректер бойынша, жер үйге соғылған. Абырой болғанда үстіне ұшақ құлаған үйде адамдар тұрмаған. Төтенше жағдай мамандары ұшақ ішіндегі адамдарды дереу қауіпсіз жерге шығарып, жедел медициналық көмек көрсетті.
Осы апатқа байланысты Төтенше жағдайлар комитетінің шұғыл желісі іске қосылды. Айта кетейік, бүгін таңертең жетіден 5 минут кеткенде Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған «Бек Эйр» әуе компаниясының ұшағы радардан жоғалып кетті, көп кешікпей апатқа ұшырады.
Ербол МӘНДІБЕК