Бүгін таңертең Алматыда 95 жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырады
Радардан жоғалып кеткен әуе кемесі «Бек Эйр» компаниясына тиесілі. Ұшақ әуежайдан тысқары аумақта, қоршауы бар нысанға барып құлаған. Апат болған сәтте ұшақтың ішінде 95 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған. Қазіргі сәтте оқиға орнында құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр. Ақпарат көздерінің хабарлауынша 9 адам көз жұмған. Бірнеше адам жарақат алғаны айтылуда.
Ұшақ ішіндегі жолаушыларды эвокациялау жалғасуда. Оқиға орнында медицина мамандары жедел көмек көрсетуде. Қазіргі сәтте Төтенше жағдайлар комитетінің шұғыл желісі іске қосылды. Айта кетейік, бүгін таңертең жетіден 5 минут кеткенде Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған «Bek air» әуекомпаниясының ұшағы радардан жоғалып, апатқа ұшырады.
Ербол МӘНДІБЕК
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Көшпенділер ойынына Жамбыл облысынан 22 спортшы барады
20.08.2026, 13:25
СҚО-да дәндік жүгеріні өсіруді қолға алды
20.08.2026, 13:23
Экологиялық жауапкершілі – әр азаматтың міндеті
20.08.2026, 13:20
Халықаралық байқаушылар сайлауға дайындық барысымен танысты
20.08.2026, 13:15
Рахман қайнарынан Сексеуілге дейін 14 жоба жүзеге асуда
20.08.2026, 13:12
Қазақстан Еуразия көлік дәліздеріне инвестиция тартудан көш бастады
20.08.2026, 13:09
Алматыда мектеп автобустарын тексерді
20.08.2026, 13:06
Атырауда бір күнде 300-ден аса құқық бұзушылық анықталды
20.08.2026, 13:03