Мәскеуде Навальныйдың кеңсесінде тінту жүргізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде Навальныйдың кеңсесінде тінту жүргізілді

26.12.2019

Мәскеуде оппозициялық саясаткер Алексей Навальный негізін қалаған «Жемқорлықпен күрес қорының» кеңсесінде тінту жүргізілді. Тәртіп сақшылары оның есіктерін бұзып, қызметкерлердің ноутбуктерін тәркілеген. Ал Навальныйдың өзі ғимараттан күшпен шығарылды. 

Бұған дейін оның тұтқындалғаны туралы хабарланған еді. Алайда, саясаткер Twitter-дегі парақшасында бұл ақпаратты жоққа шығарды. 

Оппозиционердің айтуынша, бүгінгі рейд YouTube желісіндегі «Он вам не Димон» атты деректі фильмге қатысты жасалып отыр. Ол материалда биліктің жемқорлығына қарсы арнайы тексеру амалдары түсірілген. Сондықтан құқық қорғау органдары бейнежазбаны жоюды талап етіп, қордың директоры Иван Ждановқа қарсы қылмыстық іс қозғады. Дегенмен, Навальный бұл әрекеттерге қарамастан, фильмді желіден алып тастамайтынын білдіріп отыр. 

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу